date

Трамп 2026 жылы республикашылдар үшін белсенді сапарға шығады

Трамп 2026 жылы республикашылдар үшін белсенді сапарға шығады

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылы Конгреске аралық сайлау қарсаңында ел бойынша сапарлар санын күрт арттыруды жоспарлап отыр. Оның негізгі мақсаты - республикашылдар партиясын қолдап-қуаттау және Конгрестегі позицияларын нығайту.

Дереккөздердің айтуынша, Трамп бұл шешімді өзінің алғашқы президенттік мерзімі кезіндегі жағдайларға байланысты қабылдаған. Сол кезде демократтар Конгрестің Төменгі палатасында бақылауға ие болып, бірқатар заңнамалық бастамаларды тоқтатып, президентке қарсы импичмент үдерістерін бастаған еді.

Сондықтан Трамп бұл жолы мұндай жағдай қайталанбауы үшін науқан кезінде ел бойынша белсенді сапарлар жасамақ. Ақ үй әзірге бұл жоспарларға ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін президент Трамп республикашылдарды жеке қолдайтынын және Конгрестің екі палатасында да партиялық бақылауды сақтап қалуды мақсат еткенін мәлімдеген еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп 2026 жылы республикашылдар үшін белсенді сапарға шығады