date

Малиде танымал TikTok блогері өлім жазасына кесілді

Малиде танымал TikTok блогері өлім жазасына кесілді

Малидің солтүстігінде белсенді TikTok-блогер Мариам Сиссе өз қызметінің салдарынан қаза тапты, деп хабарлады SCMP.
Мәліметтерге қарағанда, Тонка қаласында 90 мыңнан астам жазылушысы бар жас блогерді өзін «жиһадшылар» деп атайтын топ ұрлап кетіп, кейін өлтірген.
Жергілікті дереккөздер мен Сиссенің отбасы оның өлтірілгенін растады. Ол өз аймағындағы оқиғаларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскені үшін шабуылшылардың нысанасына айналған.
Сонымен қатар, блогер TikTok арқылы «Мали армиясына ақпарат берген» деген айып тағылғаны да хабарланды.
Бұл қайғылы оқиға елде блогерлердің қауіпсіздігі мен сөз бостандығы мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Жергілікті тұрғындар журналистер мен контент жасаушыларды қорғау бойынша шара қабылдауды талап етуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Малиде танымал TikTok блогері өлім жазасына кесілді