date

Мәскеу метросында әйел 13 жастағы қызды рельске итеріп жіберді

Мәскеу метросында әйел 13 жастағы қызды рельске итеріп жіберді

Ресей астанасы Мәскеуде қоғамдық көліктердің бірі - метро станциясында өте қорқынышты оқиға болды. 64 жастағы әйел 13 жастағы қызды рельске итеріп жібергені хабарланды. Бұл туралы Ресей Тергеу комитеті ресми түрде хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға 9 ноябрьде "Таганская" станциясында пойыздың кіріп келуінен бірнеше секунд бұрын болған. Қыз ата-анасымен бірге болған, олар қызды дер кезінде алып шығып, өмірін сақтап қалған.

Тергеу мәліметінше, оқиғаға кінәлі әйел Мәскеуге Краснодар қаласынан келген. Ол өз әрекетін "қыздың қатты күлгені және оған қарап тұрғаны үшін ашуланған" деп түсіндірді. Бірақ шенеуніктер бұл түсініктемені негізді деп санамайды.

Қазір әйел қамауға алынып, оған "кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оны қамауға алуды сұрап, сотқа ұсыныс жасады.

Полиция мәліметінше, әйел бұған дейін де қоғамдық орындарда түрлі жанжал шығарған болуы мүмкін. Тергеу жұмыстары қазір жалғасуда.

Мұндай жағдай Ресейде бұрын да тіркелген. Шілде айында Мәскеудегі "Кунцевская" станциясында әйел жанжал кезінде мас танысын да рельске итеріп жіберген, бірақ полицияның жедел араласуы нәтижесінде апат болдырмалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мәскеу метросында әйел 13 жастағы қызды рельске итеріп жіберді