date

Оңтүстік Кореяда ірі логистикалық қойма жанды

Оңтүстік Кореяда ірі логистикалық қойма жанды

Оңтүстік Кореяның Чхонан қаласында елдегі ең үлкен логистикалық қоймалардың бірі өртке ұшырады. "Чосун" басылымының жазуынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Мәліметтерге қарағанда, өртті сөндіруге 63 арнайы өрт-құтқару техникасы мен бірнеше қаладан келген 129 құтқарушы жұмылдырылған.

Қойма киім-кешек өнімдерімен толық толтырылғандықтан, жалын аз уақытта үлкен аумаққа тарағаны айтылады.

Билік азаматтарға қауіпті аймақтан мүмкіндігінше алыс жүруді және төтенше жағдай болған жерге жақындамауды қатаң ескертеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Оңтүстік Кореяда ірі логистикалық қойма жанды