date

Энергетикалық сусынға үйренген жігіт қиын жағдайға тап болды

Энергетикалық сусынға үйренген жігіт қиын жағдайға тап болды

Ресейде энергетикалық сусындарға үйреніп қалған 22 жастағы жігіттің аяғы жұмыс істемей қалды. Санкт-Петербургте тұратын Артем компьютерлік ойындарға беріліп, сергек болу үшін энергетикалық сусындар ішуді әдетке айналдырған.

Бастапқыда күніне бір құтыдан ішкен жігіт уақыт өте келе аш қарынға 3-5-ке дейін ішуге дағдыланған. Бір күні ол қатты іш ауруымен, құсумен және жүрек айнуымен ауруханаға түсті және оған панкреатит диагнозы қойылды. Алайда емделгеннен кейін ауру қайталанып, ұйқы безінде киста пайда болған.

Үшінші рет ауруханаға жатқызғанда жағдай одан әрі нашарлады: ұйқы безінде іріңді некроз дамып, ағзасы уланып, Артемнің аяқтары жұмыс істемей қалды. Қазір ол оңалтудан өтіп, қайта жүруді үйреніп жатыр.

Ескерту: мамандар энергетикалық сусындарды, әсіресе аш қарынға, шамадан тыс ішу ұйқы безі, жүрек және қан тамырлары үшін өте қауіпті екенін айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Энергетикалық сусынға үйренген жігіт қиын жағдайға тап болды