date

Қытайдың ең ірі несие алушысы АҚШ екені анықталды

Қытайдың ең ірі несие алушысы АҚШ екені анықталды

Америкалық зерттеушілер Қытайдың соңғы жылдары дамушы елдерге қарағанда жоғары табысты елдерге көбірек несие беретінін анықтады. NBC-дің жазуынша, тіпті АҚШ-тың өзі Қытайдан ең көп қарыз алған елге айналды.

AidData зертханасының есебінде айтылғандай, 2000-2023 жылдар аралығында Қытай әлемнің 200 еліне жалпы 2,2 триллион доллар несие мен грант бөлген.

Табысы төмен елдерге несие беру үлесі 88 пайыздан 12 пайызға дейін төмендесе, орташа және жоғары табысы бар елдердің үлесі 24 пайыздан 76 пайызға дейін өсті.

Бұл үдерісте Ұлыбритания 60 миллиард доллар, ал Еуропалық Одақ 161 миллиард доллар несие алғаны айтылған.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл Қытайдың жаһандық қаржылық әсерін жаңа деңгейге шығарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайдың ең ірі несие алушысы АҚШ екені анықталды