date

Нигерияда 200-ден астам оқушы жоғалып кетті

Нигерияда 200-ден астам оқушы жоғалып кетті

Нигерияда қоғамды дүр сілкіндірген және бүкіл елде алаңдаушылық тудырған қайғылы оқиға қайта тіркелді. 21 қарашада қаруланған белгісіз адамдар католик интернатына басып кіріп, 200-ден астам жасөспірім оқушы мен бірнеше мұғалімді ұрлап кетті. Бұл туралы Христиандар қауымдастығының мәліметіне сүйеніп, NBC News хабарлады.

Хабарланғандай, шабуыл Нигерияның батыс бөлігінде орналасқан, 12-17 жас аралығындағы оқушылар оқитын Әулие Мария орта мектебінде болған. Қарулы топ жалпы 215 оқушы мен 12 мұғалімді заңсыз алып кеткен. Бұл - апта ішінде болған екінші ұқсас шабуыл.

Полиция мәліметінше, оқиға болған кезде мектепте қауіпсіздік күштері болмаған. Оқиға туралы хабарланған бойда оқиға орнына әскерилер мен арнайы жасақтар жіберілді. Штат үкіметі мектептің оқу үдерісін үкіметтің рұқсатынсыз қайта бастағанын қатаң сынға алып, бұл шешім оқушылар мен қызметкерлерді қауіпке тіккенін айтты.

Жергілікті тұрғындар мен куәгерлер шабуыл кезінде мектепте полиция да, күзет қызметі де жоқ екенін айтады. Бұл шабуылшыларға қарсылықсыз әрекет етуге мүмкіндік берді.

Нигериядағы бұл жаңа оқиға елде бала ұрлау, қарулы топтардың әрекеті және қауіпсіздік жүйесінің жетіспеушілігі одан әрі шиеленісіп жатқанын көрсетеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Нигерияда 200-ден астам оқушы жоғалып кетті