date

НАТО Жерортадағы шиеленіске дайындық жаттығуларын бастады

НАТО Жерортадағы шиеленіске дайындық жаттығуларын бастады

НАТО Италия жағалауы маңындағы Жерорта теңізінде "Нептун соққысы" (Neptune Strike) деп аталатын ірі әскери-теңіз жаттығуларын жүзеге асыра бастады. CBS News-тің жазуынша, бұл жаттығулар альянс үшін стратегиялық маңызға ие болып, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленістерге жауап ретінде өткізілуде.

Мәліметтерге қарағанда, жаттығуларға Ұлыбританияның заманалық HMS Prince of Wales авианосеці қатысуда. Оның бортында 26 АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бар. Сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Түркия және тағы онға жуық елдің әскерилері қатысуда. Олар НАТО-ның шығыс қапталына ықтимал соққы берілген жағдайда қалай әрекет ету керектігі, сонымен қатар әлем бойынша тасымалданатын мұнай ағынының 30 пайызын құрайтын маңызды теңіз жолдарын қорғау бойынша жаттығулар өткізіп жатқаны айтылған.

НАТО Еуропа біріккен әскерлері жоғары қолбасшылығының басшысы Алексус Гринкевичтің айтуынша, альянс 2027 жылға қарай Ресей мен Қытаймен болуы мүмкін қақтығыстарға дайын болуы керек. Оның пікірінше, соңғы жылдары НАТО елдерінің әуе кеңістігін бұзу жағдайларының көбеюіне байланысты мұндай жаттығулар өзекті болып отыр.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 10 сентябріне қараған түні Польша әскері елдің әуе шекарасын 21 қашықтықтан басқарылатын дрондар бұзғанын мәлімдеген, премьер-министр Дональд Туск бұл үшін Ресейді айыптаған еді. Сонымен қатар, Эстония да осы айда әуе кеңістігін үш дрон арқылы бұзғаны үшін Ресейді кінәлі деп санады. Ал Мәскеу тарапы барлық айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » НАТО Жерортадағы шиеленіске дайындық жаттығуларын бастады