date

"Қиямет күні мұздығы" деп аталатын Туайтс мұздығы еруге жақын

"Қиямет күні мұздығы" деп аталатын Туайтс мұздығы еруге жақын

Антарктидадағы "Қиямет күні мұздығы" - Туайтс мұздығы - ғалымдарды қатты алаңдатып отыр. Mirror мәліметінше, егер бұл алып мұз қабаты жарылып, мұхитқа құласа, теңіз деңгейі 1-2 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл Нью-Йорк, Лондон, Амстердам, Бангкок және Мумбаи сияқты мегаполистерді су астында қалдыру ықтималдығын арттырады.

Nature Geoscience журналында жарияланған зерттеуде мұздықтағы жарықшақтардың соңғы жылдары күрт көбейгені айтылған. Мамандардың айтуынша, мұз астындағы жылдам айналатын "құйын құрылымдары" жылы су ағындарын тартып, еру процесін одан әрі жеделдетеді.

Ғалымдардың мәліметінше, 1980 жылдардан бері Туайтс мұздығы 600 миллиард тоннадан астам мұз жоғалтқан. Жаһандық жылыну жалғасып жатқанда, мұндай турбулентті процестер Антарктиданың басқа бөліктерінде де байқалуы мүмкін.

Туайтс мұздығының ені 120 шақырым, ал ауданы 190 мың шаршы шақырым - Флорида штатының аумағына тең. Алайда оның жоғалуы тек мегаполистер үшін ғана емес, Мальдив аралдары, Тувалу, Кирибати және Полинезия сияқты төмен орналасқан елдер үшін де апатты салдары болуы мүмкін.

Ғалымдар 2025 жылдың басында-ақ осы мұздық астындағы шельф қабатының алдағы он жылда бұзылуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » "Қиямет күні мұздығы" деп аталатын Туайтс мұздығы еруге жақын