date

АҚШ 19 елден келгендердің грин-карталарын қайта тексереді

АҚШ 19 елден келгендердің грин-карталарын қайта тексереді

АҚШ әкімшілігі 19 елден келген шетелдік азаматтардың "жасыл карталарын" түбегейлі қайта тексеру үдерісін бастайды. BBC хабарлауынша, бұл шешім Ақ үйдің маңында Ауғанстан азаматы жасаған кісі өлтіру мен атыстан кейін қабылданған. Оқиға 26 ноябрьде болған, Ұлттық гвардияның екі жауынгері жараланған, олардың бірі ауруханада қайтыс болған.

Президент Дональд Трамп шабуылдаушыны "жануар" деп атап, Ауғанстаннан келген мигранттарды қайта тексеруді талап етті. Өйткені шабуыл жасаған ер адам 2021 жылы арнайы виза бағдарламасы бойынша АҚШ-қа кірген, бірақ виза мерзімі аяқталғаннан кейін де заңсыз тұрып жатқан.

АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметінің басшысы Джозеф Эдлоу президент тапсырманы мақұлдап, қауіпті деп бағаланған елдерден келген әрбір грин-карта иесі қайта қаралатынын айтты.

Тізімде Ауғанстан, Иран, Ливия, Судан, Сомали, Йемен, Куба, Түрікменстан, Венесуэла және тағы бірқатар елдер бар - барлығы 19.

Эдлоудың айтуынша, "АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ең басты міндет." Тексерудің қалай өтетіні туралы әлі егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген.

Сонымен қатар, өткен аптада АҚШ Байден кезінде қабылданған барлық босқындар да қайта тексерілетінін мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ 19 елден келгендердің грин-карталарын қайта тексереді