date

Ер адам үйленуді талап еткен сүйіктісін өртеп жіберді

Ер адам үйленуді талап еткен сүйіктісін өртеп жіберді

Үндістанда такси жүргізушісі өзіне үйлену туралы ұсынысты талап етіп, қысым көрсеткен сүйіктісін өртеп жіберді. Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, полиция Махараштра штатында 33 жастағы ер адамды 26 жастағы сүйіктісін өлтіргені үшін қамауға алған. 2025 жылдың 26 ноябрінде әйел үйге оралмаған соң, туысы полицияға жүгінген.

Анықталғандай, сол күні әйел ұлын мектепке апарып, содан кейін такси жүргізушісі болған сүйіктісімен кездескен. Ер адам оны туған ауылына апаруға уәде берген, бірақ оның орнына оны қала сыртына шығарып, тұншықтырып, темір трубамен ұрып-соққан. Содан кейін көлігінен бензин шығарып, әйелді өртеп жіберген. 27 ноябрьде полиция әйелдің жартылай күйген денесін тапқан.

Бастапқыда күдікті қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан, бірақ ұзақ тергеуден кейін ол бірнеше жылдан бері жәбірленушімен қарым-қатынаста болғанын және әйел одан үйленуді талап еткенін мойындады. Ер адам бұрын басқа әйелге үйленгендіктен, қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған және одан біржола құтылу үшін өлтіргенін айтқан.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ер адам үйленуді талап еткен сүйіктісін өртеп жіберді