date

Сиднейдегі Ханука мерекесінде еврейлер оққа ұшты

Сиднейдегі Ханука мерекесінде еврейлер оққа ұшты

Австралияның Сидней қаласында орналасқан әйгілі Бонди жағажайында бүгін, 14 декабрьде сұмдық оқиға болды. Екі белгісіз қарулы адам адамдарға оқ жаудырып, Ханука мерекесін тойлап жатқан жергілікті еврей қауымына шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жергілікті ABC телеарнасының хабарлауынша, еврей қауымына жасалған бұл ықтимал лаңкестік шабуыл салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, тағы 18 азамат жарақат алды. Қазір полиция қызметкерлері жағажайдың жағасында табылған қолдан жасалған жарылғыш затты залалсыздандырумен айналысуда.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған екі адам қара киім киіп, шағын жаяу жүргіншілер көпірінің үстінде тұрып, көпшілікке оқ атқан. Интернетте дәл осы шабуылдаушыларды көрсететін видеолар да таралған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, оқиғаға екі күдікті қатысқан - олардың бірі оқ тиіп қаза тапқан, ал екіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Құқық қорғау органдары шабуылға үшінші тараптың қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеруді жалғастыруда.

Әзірге шабуылдың нақты себептері мен мақсаты белгісіз, бірақ Сидней полициясы аумақта қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұл оқиға тек Австралияда ғана емес, бүкіл әлемдегі еврей қауымдастықтарында үлкен алаңдаушылық туғызғаны сөзсіз.

Қауіпті жағдайға қарамастан, билік пен құқық қорғау органдары барлық азаматтарды сабырға шақырып, ресми мәліметтерге сүйенуге шақырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Сиднейдегі Ханука мерекесінде еврейлер оққа ұшты