date

АҚШ Жоғарғы соты Трампқа қарсы шықты

АҚШ Жоғарғы соты Трампқа қарсы шықты

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың Чикаго аймағына Ұлттық гвардия әскерлерін жіберу жоспарын әзірге қабылдамады. Сот Иллинойс штаты мен Чикаго қаласы басшылығы берген талап-арыз негізінде төменгі соттың шешімін күшінде қалдырды. Соның нәтижесінде жүздеген әскери қызметкерді аймаққа орналастыру уақытша тоқтатылды.

Сот шешімінде үкіметтің әскери күш қолдану үшін жеткілікті құқықтық негіз ұсына алмағаны айтылды. Жоғарғы сот президент Ұлттық гвардияны тек төтенше жағдайларда ғана бақылауына ала алатынын мәлімдеді. Үш судья бұл шешімге қарсы дауыс берді.

Трамп әкімшілігі Чикаго маңындағы наразылықтарды қауіпті деп бағалап, федералдық мекемелер мен қызметкерлерді қорғау үшін әскер қажет екенін айтты. Алайда штат пен қала басшылары наразылықтар негізінен бейбіт өткенін және жағдайды жергілікті полиция бақылап отырғанын хабарлады.

Иллинойс губернаторы Джей Би Прицкер сот шешімін маңызды қадам деп атады. Оның айтуынша, бұл шешім орталық биліктің өкілеттігін шектен тыс кеңейтуіне жол бермейді. Сот ісі жалғасып жатқандықтан, Чикагоға әскер жіберу мәселесі кейін қайта қаралуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ Жоғарғы соты Трампқа қарсы шықты