date

Қытайда ер адам 21 жылдан кейін отбасымен қайта қауышты

Қытайда ер адам 21 жылдан кейін отбасымен қайта қауышты

Қытайдың Цзянси провинциясында тұратын 26 жастағы Пэн Конгконг биологиялық ата-анасымен қауышқаннан кейін бір жыл өткен соң әлеуметтік желіде эмоционалды жазба жариялап, 2025 жылды өзінің "қайта өрлеу жылы" деп атады. Бұл туралы China Morning Post хабарлайды.

Төрт жасында Пекиндегі базарда ұрланған бала Пэн қайғылы оқиғаға тап болады. Содан бері ол бөтен отбасында тәрбиеленіп, туған ата-анасының кім екенін білмеген. 21 жылдық айырылысудан кейін Конгконг өзі өскен провинциядағы үйі мен көлігін сатып, туыстарын іздеуге аттанады.

2024 жылдың желтоқсанында полиция Пэнге ДНҚ тестінің нәтижелерін хабарлап, Бейжіңдегі туыстарымен кездесу ұйымдастырды. Осыдан кейін ол пропискасын өзгертіп, өзі өскен адамдармен және провинциямен барлық байланысын үзді. "Бұл заттар менікі емес. Сондықтан мен оларды қайтардым," - деп түсіндірді ол.

Туған ауылына оралу ол үшін қуанышты оқиға болды. Тұрғындар оны отшашумен және банкетпен қарсы алды, туыстары қызыл конверттер мен торт сыйлады. - Міне, нағыз үй деген осы. Ата-анамның қамқорлығымен, қасымдағы әпке-қарындастарыммен, туған-туыстарымның ақ батасымен өзімді іштей жақын сезінемін," - деп жазды ол.

Қазір Пэн өзі секілді үйден жырақта қалған адамдарға көмектесуге ден қойып, Baby Come Home ұйымының жұмысына араласады. Сондай-ақ, ата-анасымен бірге жоғалтқан жылдарының орнын толтыруға тырысып, оларды сапарға алып шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайда ер адам 21 жылдан кейін отбасымен қайта қауышты