date

АҚШ Николас Мадуро мен жұбайын наркотерроризм және кокаин контрабандасы бойынша айыптады

АҚШ Николас Мадуро мен жұбайын наркотерроризм және кокаин контрабандасы бойынша айыптады

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты айып тағылғанын мәлімдеді. АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди дерегінше, оларға наркотерроризм, кокаин контрабандасы, қару сақтау, сондай-ақ АҚШ-қа қарсы қолдану үшін пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды иеленуді көздеген сөз байласуға қатысу баптары бойынша айып тағылған. Бұл туралы podrobno.uz хабарладыхабарлайды.

Айыптаулар Нью-Йорк штатының Оңтүстік округі сотында рәсімделген. Бонди сөзінше, жұп жақын уақытта «Америка жерінде, Америка соттарында, АҚШ әділетінің толық күші» алдында жауап береді.

Ол сондай-ақ жауапкершілікке тарту мәселесіндегі қатаң ұстанымы үшін президент Дональд Трампқа алғыс айтып, АҚШ қарулы күштері Мадуро мен Флоресті ұстау бойынша операцияны сәтті өткізгенін атап өтті. АҚШ тарапы бұл істі халықаралық деңгейде күдікті есірткі саудагерлерін ұстаудың ең ірі оқиғаларының бірі ретінде бағалап отыр.

Еске салайық, 3 қаңтарға қараған түні АҚШ Венесуэланың астанасы Каракастағы бірнеше нысанға, соның ішінде әуе базасы мен әскери базаларға соққы бергені туралы хабарлар тараған. Дональд Трамп «ауқымды операция» жүргізілгенін растап, Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталып, елден әкетілгенін мәлімдеген.

Еуропалық одақ жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырғанын айтып, Мадуро билігінің жеткілікті деңгейде легитимді еместігі туралы бұрынғы ұстанымын сақтап отырғанын атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ Николас Мадуро мен жұбайын наркотерроризм және кокаин контрабандасы бойынша айыптады