Еуроодақ Венесуэла төңірегіндегі жағдайда сабыр сақтауға шақырды

Еуропалық одақ Венесуэлаға қатысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Брюссель бұрынғы ұстанымын қайталап, ел президенті Николас Мадуроның легитимдігі жеткіліксіз деген пікірде қалатынын хабарлады. Бұл туралы podrobno.uz хабарлайдыхабарлайды.
Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас бұл пікірлерді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кеңесулер қорытындысында айтты. Оның сөзінше, ол Рубиомен, сондай-ақ ЕО-ның Каракастағы елшісімен сөйлескен және жағдай ЕО бақылауында.
Каллас ЕО бұған дейін де Мадуроның «легитимдігі жеткіліксіз» екенін бірнеше рет атап өткенін еске салып, халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы қағидаттарын сақтауға шақырды. Ол барлық тараптан сабырлылық күтілетінін, кез келген қадам халықаралық нормалар аясында болуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
Брюссельдегі ТАСС дереккөзі АҚШ Венесуэла бойынша жоспарлары туралы ЕО және НАТО елдерін хабардар етпегенін қоса айтты.
Еске салайық, CBS дереккөздерінің мәліметінше, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын АҚШ-тың Delta Force арнайы бөлімшесі ұстап, елден алып шыққан. Бұл хабарлар бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қатаң реакциясын туғызып, жағдайдың ушығуы және халықаралық құқықтың бұзылуы мүмкіндігі жөнінде алаңдаушылық білдірілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!