date

Байлық ішінде өмір сүрген ең сараң әйелдің тағдыры қалай өтті?

Байлық ішінде өмір сүрген ең сараң әйелдің тағдыры қалай өтті?

Бүгінде Генриетта «Гетти» Гриннің өмірі аңызға ұқсайды: миллиардтаған байлығы бола тұра, ол тамаққа, киімге, тіпті баласының еміне де шамадан тыс үнемдеген. Уолл-стриттегі қаржы әлемін үрейлендірген инвестор бола тұра, арзан қонақүйлерде тұрып, жылдар бойы бір киімді киген. Оны «Уолл-стрит сиқыршысы» деп атауы бекер емес.

Гетти Гриннің өмірі — жай ғана ашкөздік туралы әңгіме емес, ақша билік саналған, ал үнемшілдік қасиет ретінде қабылданған дәуірдің көрінісі. Ол ақша табуды жетік білді, бірақ оны жұмсауды үйренбеді.

Генриетта Хоуленд 1834 жылы кит аулау орталығы болған Нью-Бедфордта дүниеге келген. Отбасы бай еді, оны қатаң мінезді атасы тәрбиелеген. Қарапайымдылық пен өзін шектеу бала кезінен өмірлік қағидасына айналды. Жеті жасында қаржы жаңалықтарын оқып, акция мен облигацияны ажырата білді.

1865 жылы әкесі қайтыс болған соң, Гетти шамамен 7,5 миллион доллар мұраға ие болды. Алайда бұл байлық оны жомарт етпеді, керісінше сараңдығын күшейтті. Ол тек үйде дайындалған тағамдарды жеп, арзан емдеу тәсілдеріне сеніп, ақша жұмсаудан қашты. Сонымен қатар темір жолдарға, жерге және жылжымайтын мүлікке инвестиция салып, өз заманының ең қатал өсімқорларының біріне айналды.

32 жасында Эдвард Гринге тұрмысқа шықты, бірақ бұл неке махаббаттан гөрі есепке негізделген еді. Неке келісімінде күйеуінің байлыққа құқығы жоқ екені нақты көрсетілген. Эдвард банкротқа ұшырағанда, Гетти оған көмектесудің орнына үйден қуып жіберді.

Ең көп зардапты оның балалары — Нед пен Сильвия көрді. Ұлы Недтің аяғы жарақаттанғанда, Гетти емге ақша төлеуден бас тартып, тегін ауруханаларды іздеді. Соның салдарынан дер кезінде медициналық көмек көрсетілмей, аяғын кесуге тура келді.

Оның сырт келбеті де аңызға айналды: қара киім, суық көзқарас және қатал бейне. Ол өзін қорғау үшін қару алып жүріп, әрбір цент үшін саудаласып, тіпті оқылған газеттерді қайта сатуға баласын жіберген.

1916 жылы, 81 жасында, Гетти Грин жүрек талмасынан қайтыс болды. Оның байлығы сол кезде 200 миллион долларға бағаланған, бұл бүгінгі есеппен шамамен 4 миллиард долларға тең.

Байлық ұлы Недке қалды, ол оны тез жұмсап жіберді. Ал қызы Сильвия қалған мұраны қайырымдылыққа — мектептерге, ауруханаларға және кітапханаларға бағыттады.

Гетти Грин тарихта қаржылық данышпан әрі шектен тыс сараңдықтың символы ретінде қалды. Оның өмірі бір шындықты дәлелдеді: ақша билік бере алады, бірақ адамгершілікті сатып ала алмайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Байлық ішінде өмір сүрген ең сараң әйелдің тағдыры қалай өтті?