Генерал Кирилловты өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2024 жылдың 17 декабрінде Мәскеу қаласында Ресей Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал Игорь Кириллов пен оның адъютанты Илья Поликарпов қаза тапты. Бұл оқиға ресейлік қоғамда үлкен шу шығарды.
Сот шешімі бойынша, кісі өлтіруге кінәлі деп танылған Өзбекстан азаматы Ахмаджон Құрбанов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметінше, ол Украина арнайы қызметтерінің нұсқауымен тұрғын үйдің кіреберісі алдына алдын ала миналанған самокатты қалдырып кеткен.
Мәлім етілгендей, бұл қылмысты жасағаны үшін оған 100 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат және Еуропа Одағына виза алу мүмкіндігі уәде етілген.
Сондай-ақ қылмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысы бар деп танылған тағы үш адам да сот үкімімен 18 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот бұл іс бойынша қаулы шығарып, кінәлілерге заң аясында қатаң жаза тағайындады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!