Финляндияда ер адам мысығының өлімі үшін больничный алды

Финляндияда бір ер адам үй мысығы қайтыс болғаннан кейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алғаны туралы жағдай қоғам назарын аудартты. Хабарларға сәйкес, жұмыс беруші мысықтың өліміне байланысты психологиялық жағдайды “дәлелді себеп” ретінде мойындамағандықтан, мәселе сотқа дейін барған.
Мәлім етілуінше, мысық ауыр дертке шалдыққан және оған эвтаназия жасауға тура келген. Иесі жұмыс орнына ауру парағын тапсырған, тіпті медициналық анықтама да ұсынған. Алайда кәсіпорын басшылығы құжаттарды қабылдамаған және оған “не жұмысқа шық, не өтініш жаз” деген талап қойған.
Ер адам қысым салдарынан жұмысқа қайтқан, бірақ кейінірек “дәлелді себепсіз жұмысқа келмеген” деген уәжбен жұмыстан босатылған. Осыдан кейін ол Тампере қаласындағы аудандық сотқа жүгінген және сот талапкердің жағын алған.
Нәтижесінде кәсіпорын бұрынғы қызметкерге 40 мың еуродан астам қаражат төлеуге міндеттелген. Бұл сома өтемақыны, ауру кезеңі үшін төлемді және сот шығындарын қамтыған. Алайда ер адамның өзі бұл ақшаны пайдалана алмаған — ол сот шешімі жарияланғанға дейін қайтыс болған. Соған байланысты сот 40 мың еуроны мұра құрамына енгізу туралы шешім шығарған.