date

Ядролық қарулану жарысы: Әлем қатерлі қауіптің алдында тұр

Ядролық қарулану жарысы: Әлем қатерлі қауіптің алдында тұр

Жер бетінде "қырғи-қабақ соғыстан" кейінгі ең қауіпті ядролық текетірес кезеңі басталуда. Ағымдағы жылдың 5 февралінде АҚШ пен Ресей арасындағы Стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу және қысқарту туралы келісімнің (СНВ-3) мерзімі аяқталады. Бұл құжат екі алпауыт елдің ядролық арсеналын тежеп тұрған соңғы құқықтық тосқауыл болды.

Шектеусіз болашақ: бақылау жоғала ма?

Бұл келісім екі тарапқа ядролық оқтұмсықтардың санын 1500-ден асырмауды, сондай-ақ баллистикалық зымырандар мен сүңгуір қайықтар арсеналын қысқартуды міндеттеді. Ең бастысы, келісімшарт аясында өзара тексерулер мен ақпарат алмасу ядролық қақтығыстардың алдын алуға қызмет етті.

Батыс басылымдары, атап айтқанда, Reuters және Financial Times сарапшылары жаңа келісімге қол қойылмаса, әлем шексіз қарулану жарысына түсіп, атом соғысының қаупі күрт артатынын ескертеді. Британдық ғалым Джеймс Актонның пікірінше, адамзат жаңа қарулану дәуірінің табалдырығында тұр.

Тараптардың шарттары және геосаяси жағдай

Бүгінгі таңда Вашингтон да, Мәскеу де келісімді бұрынғы шарттармен ұзартуға асығар емес:

  • АҚШ ұстанымы: Вашингтон жаңа келісімшартқа ядролық әлеуетін қарқынды арттырып жатқан Қытайды да тарту қажет деп санайды.
  • Ресей ұстанымы: Мәскеу жаңа шектеулер тек АҚШ-ты ғана емес, НАТО-ның басқа ядролық елдері - Ұлыбритания мен Францияны да қамтуды талап етеді.

Сандар сөйлегенде: Миллиардтар апатқа ұшырайды

SIPRI институтының 2025 жылдың басындағы есебіне сәйкес, әлемдегі ядролық қорлардың 90 пайыздан астамы әлі де Ресей (4309 дана) мен АҚШ-та (3700 дана) шоғырланған. Ал Қытай оларды 600 баспен қуып жетуге тырысуда. ICAN мәліметтері бойынша, әлем елдері жаппай қырып-жою қаруына секундына 2898 доллар жұмсайды.

Қазір әлемнің 9 мемлекеті ядролық қалқанға ие, Украинадағы соғыс аясында тактикалық ядролық қаруды қолдану туралы мәлімдемелер және НАТО-ның оған жауап ретінде арсеналын дайындыққа келтіру жағдайды одан сайын шиеленістіріп отыр.

Сіздің ойыңызша, ұлы державалар адамзаттың болашағы үшін ымыраға келе ала ма, әлде ядролық жарысты тоқтату мүмкін емес процеске айналды ма?

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ядролық қарулану жарысы: Әлем қатерлі қауіптің алдында тұр