date

Санкт-Петербургда морг басшысы мәйіт сатқаны үшін ұсталды

Санкт-Петербургда морг басшысы мәйіт сатқаны үшін ұсталды

Кеше, 6 ақпан күні, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Александровская ауруханасының өлікханасы басшысы Андрей Каветский ұсталды. Бұл туралы ТАСС басылымы хабарлады. Ол марқұмдардың мәйіттерін және дене мүшелерін заңсыз түрде жеке компанияға сатты деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Каветский айына шамамен 500 мың рубль пара үшін “Анабиоз” компаниясына мәйіттер мен биоматериалдарды жеткізіп отырған. Компанияның негізін қалаушы Станислав Масловтың да бұған дейін ұсталғаны айтылды.

Тергеушілер биоматериалдардың косметология, стоматология және хирургиялық тәжірибе үшін үлгі ретінде қолданылғанын анықтаған. Мәліметтерге қарағанда, мәйіттер көп жағдайда туыстары жоқ адамдарға тиесілі болғаны көрсетілген. Күдіктілер кемінде 4 сәуірге дейін қамауда болатындығы хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Санкт-Петербургда морг басшысы мәйіт сатқаны үшін ұсталды