АҚШ шабуыл жасаса, аймақтағы базаларға соққы беріледі - Иран

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арокчидің айтуынша, егер АҚШ тарапынан әскери соққы жасалса, Тегеран жауап ретінде Парсы шығанағы аймағында орналасқан америкалық әскери нысандарды нысанаға алады.
Министрдің айтуынша, ықтимал қарсы соққылар көрші елдерге емес, АҚШ-қа тиесілі әскери инфрақұрылымдарға бағытталады.
- Бізде Америка аумағына соққы беру мүмкіндігі жоқ. Бірақ егер Вашингтон Иранға қарсы шабуыл жасаса, біз оның аймақтағы әскери базаларына соққы береміз, - деді Аббас Арақчи.
Ақпарат үшін, 6 февраль күні Оман астанасы Маскат қаласында АҚШ пен Иран делегациялары арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында тараптар өзекті мәселелерді талқылап, диалогты келесі кезеңдерде жалғастыру туралы келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ келіссөздерге АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі де қатысқаны айтылды.
Қазіргі уақытта кейбір сарапшылардың пікірінше, Вашингтон ықтимал шиеленісті сценарийлерге дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Сонымен қатар, Иран ресмилері ядролық бағдарламаға қатысты мәселені тек келіссөздер арқылы шешуге болатынын тағы да атап өтіп, уран байыту деңгейі елдің ішкі қажеттіліктеріне қарай анықталатынын мәлімдеді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!