date

Ақшадан гүл шоғын жасағандар енді ресми түрде қамалуы мүмкін

Ақшадан гүл шоғын жасағандар енді ресми түрде қамалуы мүмкін

Кенияда Валентин күні қарсаңында қолма-қол ақшадан гүл шоқтарын дайындау тәжірибесіне қарсы қатаң ескерту жасалды. Елдің Орталық банкі 14 февральға арналған мәлімдемесінде банкноттарды гүл шоқтары мен сыйлық әшекейлері ретінде пайдалану заңға қайшы екенін еске салды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Соңғы кездері Кенияда шиллинг купюраларын гүл шоқтарын безендіру ретінде қолдану жағдайлары көбейгені айтылды. Бұл ұлттық валютаның тұтастығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Себебі, банкноттарды желіммен, штапельмен немесе инелермен бекіту оларды зақымдап, айналымға жарамсыз етеді.

Нәтижесінде мұндай купюралар қайта өңдеу үдерісінде қабылданбауы, сондай-ақ ақша белгілерін мерзімінен бұрын айналымнан шығару және айырбастауға тура келуі мүмкін.

Орталық банк қолма-қол ақшаны сыйлық ретінде беруге қарсы еместігін айта отырып, мұндай жағдайларда банкноттарды өзгертуге, бұзуға немесе зақымдауға әкелетін кез келген әрекеттерден бас тарту керектігін айтты.

Кения Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес, валюталық банкноттарды қасақана зақымдауға, бүлдіруге немесе жарамсыз етуге тыйым салынған. Осы ережебұзушылық үшін кінәлі деп танылған адамдар 3 айға дейін бас бостандығынан айырылуы, 2000 шиллинг (шамамен 15,5 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе екі жаза да қолданылуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ақшадан гүл шоғын жасағандар енді ресми түрде қамалуы мүмкін