Дүниеде әр үш секунд сайын 1 қыз бала кезiнде тұрмысқа шығады

Дүние бойынша әр бес қыздың бірі 18 жасқа толмай тұрып ресми немесе бейресми некеге кіріп қояды. БҰҰ Халық қорының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге дейін шамамен 640 миллион қыз кәмелетке толмай тұрмыс құрған.
Жыл сайын 12 миллион жасөспірім қыз 18 жасқа толмай тұрмысқа шығады. Бұл дегеніміз — әр 3 секунд сайын бір қыз некеге тұрады. Ең көп жағдай Оңтүстік Азия мен Африка елдерінде кездеседі.
Орталық Азияда көрсеткіш төмендеген: 1999 жылы 13 пайыз болған болса, 2024 жылға қарай 6 пайызға түскен.
Өзбекстан бойынша келтірілген мәліметтерде 1997–2022 жылдары:
- 15 жасқа дейін тұрмыс құрғандар: 48,5 мың адам
- 18 жасқа дейін тұрмыс құрғандар: 1,1 миллион адам
Өңірлер кесімінде ең көп жағдай Самарқандта 3 пайыз, Әндіжанда 2 пайыз, Ферғанада 1 пайыз және Қарақалпақстанда 0,8 пайыз тіркелген.
Жақсы жаңалық та бар: әлемде балалар некесі біртіндеп азайып келеді. 2000 жылы 20–24 жастағы әйелдердің үштен бірі кәмелетке толмай тұрмыс құрған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш бестен бірге түскен. Соңғы 25 жыл ішінде 68 миллион балалар некесінің алдын алуға қол жеткізілген.