date

Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Оңтүстік Пәкістан аумағында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Атап айтқанда, Синд облысына қарасты Хайрпур ауданында автобус жүк көлігімен соқтығысқан.

Жергілікті полиция мәліметіне сүйене отырып, Dawn газеті оқиға салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, тағы 8 адам түрлі дәрежеде жарақат алғанын хабарлады.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, апатқа автобус жүргізушісінің абайсызда жасаған әрекеті себеп болған. Зардап шеккендер дереу жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Пәкістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысты