date

Қырғызстанда бір күнде үш министр ресми түрде отставкаға кетті

Қырғызстанда бір күнде үш министр ресми түрде отставкаға кетті

Қырғызстанда бір күнде үш министр қызметінен босатылды. Биылғы 16 февральда ел президенті Садыр Жапаров тиісті жарлықтарға қол қойды.

Қабылданған қаулыларға сәйкес, көлік және коммуникациялар министрі Әбсаттар Серғабаев қызметінен босатылды. Осы министрлік басшысының міндетін уақытша атқару Талантбек Солтобаевқа жүктелді.

Сондай-ақ, Табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрі Медер Машиев те отставкаға кетті. Оның орнына министрдің міндетін атқарушы болып Ақыл Тоқтобаев тағайындалды.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев те қызметінен босатылды. Бұл қызметке уақытша басшы болып Урматбек Шамирканов тағайындалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қырғызстанда бір күнде үш министр ресми түрде отставкаға кетті