date

Нью-Йорктегі шіркеуде жарылыс: оқиғаның егжей-тегжейі айтылды

Нью-Йорктегі шіркеуде жарылыс: оқиғаның егжей-тегжейі айтылды

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының солтүстік аймағында орналасқан шіркеу ғимараттарының бірінде жарылыс болды.

Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға салдарынан бес адам, соның ішінде оқиға орнына жеткен пастор мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері түрлі дәрежеде жарақат алған.

Хабарламада айтылғандай, 43 жастағы пастор - Брэндон Питтс және 43 жастан 71 жасқа дейінгі Бунвилл өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері ауруханаларға жеткізілген. Полиция мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы ауыр, бірақ тұрақты жағдайда.

Құқық қорғау органдары жарылыс бойынша жүргізілген алдын ала тексерулерде оқиғада заңсыз әрекет белгілері анықталмағанын хабарлады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Нью-Йорктегі шіркеуде жарылыс: оқиғаның егжей-тегжейі айтылды