date

Антарктика суларында алғаш рет үлкен акула тіркелді

Антарктика суларында алғаш рет үлкен акула тіркелді

Австралиялық ғалымдар алғаш рет Антарктика маңындағы суларда акуланы суретке түсіруге қол жеткізді. Жыртқыш Оңтүстік Шетланд аралдарының маңында, шамамен 490 метр тереңдікте зерттеу аппаратына орнатылған камера арқылы тіркелген. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Экспедицияға қатысушы - зерттеуші Алан Джеймисонның айтуынша, ғалымдар бұл аумақта акуланың кездесетінін мүлдем күтпеген.

- Бұрын Антарктикада акулалар тіршілік ете алмайды деген көзқарас болды. Бірақ бұл өте ірі, 3-4 метр шамасындағы акула болып шықты, - деді ол.

Бұл акуланың 2025 жылдың январь айында түсірілгені айтылды, бірақ мәліметтер енді ғана жарияланды. Ғалымдар шамамен поляр немесе "ұйқышыл" акула түріне жатуы мүмкін бұл жыртқыштар Антарктиканың терең суларында аздаған популяция ретінде өмір сүруі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Олар негізінен киттер мен алып кальмарлардың қалдықтарымен қоректенеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Антарктика суларында алғаш рет үлкен акула тіркелді