Кремль қателігі: Путиннің өңделмеген видеосы тарады (видео)

Владимир Путиннің 8 март мерекесіне орай жолдаған құттықтауының өңделмеген видеосы интернетке кездейсоқ жарияланды. Бұл жағдай Кремльдің баспасөз қызметі техникалық қателіктің салдарынан болғанын айтуда.
Таратылған видеода Путиннің құттықтау сөзін жазу үдерісі көрсетілген. Кадрларда ол бірнеше рет сөйлеуді тоқтатып, сөйлеуді қайта бастауды сұрайды. Бір кезде ол: "Тағы да сөйлейін, тамағым қырылды," - деп өтініш жасайды. Бұл видеоның монтаждалмаған, яғни шикі нұсқасы екенін көрсетеді.
Әдетте мемлекет басшыларының мерекелік құттықтаулары алдын ала дайындалып, бірнеше рет жазылып, содан кейін монтаждалып жарияланады. Алайда бұл жолы техникалық немесе ұйымдастырушылық қателік салдарынан редакцияланбаған нұсқаның көпшілікке жария болғаны айтылады.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қызықты оқиға ретінде талқылап жатыр. Кейбіреулер мұны қарапайым техникалық қателік деп бағаласа, басқалары Кремль ақпарат қызметінің жұмысындағы немқұрайлылық деп санайды.