Уоррен: Ирандағы мектепке соққы жасау - үлкен қателік

АҚШ сенаторы Элизабет Уоррен Ирандағы қыздар білім беру мекемесіне жасалған соққыға қатысты қатаң мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі бұл мектепке бомбамен шабуыл жасалғанын растаған. Уоррен бұл оқиғаны соңғы онжылдықтардағы ең қайғылы әскери қателіктердің бірі деп бағалады.
Сенатордың айтуынша, Трамп бұл оқиға туралы халыққа жалған ақпарат берген. Оның айтуынша, соққы салдарынан 175 адам қаза тапқан, құрбандардың көпшілігі балалар.
Уоррен сондай-ақ осы оқиға үшін жауапкершілік мәселесін де көтерді. Оның пікірінше, АҚШ қорғаныс министрі Пэт Хигсет қызметінен шеттетілуі керек.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз