date

Немере бағып отырған ата-әжелерге ай сайынғы төлем бөлінеді

Немере бағып отырған ата-әжелерге ай сайынғы төлем бөлінеді

Оңтүстік Кореяда отбасыларды қолдауға бағытталған жаңа әлеуметтік бағдарлама іске қосылуда. Оған сәйкес, ата-әжелер немесе жақын туыстар немерелеріне қарағаны үшін ай сайынғы төлем алу мүмкіндігіне ие болады.

The Independent басылымының хабарлауынша, бұл бастама балабақша немесе күтуші қызметіне балама ретінде енгізілген. Яғни, егер отбасы мүшелері бала күтімін өз мойнына алса, мемлекет тарапынан қаржылай ынталандыру жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, Жежу аралында бұл бағдарлама наурыз айынан бастап іске қосылды. Дәл осындай жүйе Сеул қаласында 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ереже бойынша, егер атасы, әжесі немесе басқа туысы айына кем дегенде 40 сағат бала күтсе, олар шамамен 200 доллар төлейді.

Мамандардың пікірінше, мұндай бағдарламалар елдегі демографиялық мәселелерді жеңілдетуге бағытталған. Өйткені Оңтүстік Кореяда туу көрсеткіші әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Осылайша, үкімет отбасыларды ынталандыру арқылы бала күтімін жеңілдетуге және халық санының азаюына жол бермеуге тырысады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Немере бағып отырған ата-әжелерге ай сайынғы төлем бөлінеді