date

Трамп: АҚШ Хормузды екі минутта жауып тастай алады

Трамп: АҚШ Хормузды екі минутта жауып тастай алады

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен ұшақ бортында болған сұхбат кезінде Ормуз бұғазы туралы қатаң мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, АҚШ-тың осы стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазын өте қысқа уақытта - небәрі екі минутта жабуға мүмкіндігі бар.

"Біз оны екі минутта жаба аламыз. Біз оны соншалықты тез жабамыз, тіпті басыңыз айналады," - деді Трамп.

Айтуынша, ол бұл пікірді Иран тарапының бұғаз арқылы өтетін кемелер үшін төлем енгізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлардың аясында айтқан.

Сондай-ақ, АҚШ басшысы Иранмен келісімге қол жеткізу ықтималдығы сақталып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай келісім жақын арада жүзеге асуы мүмкін.

Бақылаушылардың пікірінше, бұл мәлімдеме аймақтағы геосаяси жағдайға әсер етіп, халықаралық қатынастардағы жаңа пікірталастарға себеп болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: АҚШ Хормузды екі минутта жауып тастай алады