date

Пентагон басшысы Хегсет импичмент қаупінде

Пентагон басшысы Хегсет импичмент қаупінде

Пентагон басшысы Пит Хегсетке қарсы импичмент процесі басталуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл туралы Axios дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Хабарланғандай, Демократиялық партия Хегсетті қызметінен босату туралы қарарды ресми түрде ұсынуға ниетті. Бұл саяси бастама Вашингтонда үлкен пікірталас тудырып отыр.

Жалпы айыптаулар алты бағытты қамтиды:

- Иранға қарсы заңсыз әскери іс-қимылдарды бастау;

- бейбіт тұрғындарға зиян келтіру;

- құпия ақпаратқа немқұрайлы қарау;

- Конгрестің бақылауына кедергі келтіру;

- билік өкілеттіктерін теріс пайдалану және әскери күшті саяси мақсаттарда пайдалану;

- АҚШ пен оның қарулы күштерінің беделіне нұқсан келтіру сияқты айыптар тағылды.

Әзірге Пит Хегсет бұл айыптауларға ресми пікір білдірген жоқ. Саяси сарапшылар бұл үдеріс АҚШ-тың ішкі саяси күресін одан әрі шиеленістіруі мүмкін екенін алға тартуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Пентагон басшысы Хегсет импичмент қаупінде