date

Ұлыбритания темекіге қарсы қатаң шешім қабылдады

Ұлыбритания темекіге қарсы қатаң шешім қабылдады

Ұлыбритания парламенті темекі өнімдері мен вейптер туралы заңды түпкілікті мақұлдап, темекі шегуге қарсы қатаң шара енгізді. Енді 2009 жылдың 1 қаңтарында және одан кейін туған азаматтарға темекі сатуға өмір бойына тыйым салынады. Бұл туралы "The Independent" басылымы хабарлады.

Жаңа тәртіп қазіргі уақытта 17 жасқа дейінгі жастардың темекі өнімдеріне қолжетімділігін толық шектеуге және болашақта "темекі шекпейтін ұрпақты" қалыптастыруға бағытталған. Заң күшіне енгеннен кейін үкімет өкілдеріне темекі ғана емес, вейп және никотин өнімдерін, олардың дәмін және қаптамасын қатаң бақылау өкілеттігі беріледі.

Денсаулық сақтау министрі бұл шешімді тарихи қадам деп бағалап, оны бір ұрпақтың өміріне оң әсер ететін ең ірі денсаулық сақтау бастамаларының бірі деп атады. Оның айтуынша, бұл шаралар мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізеді.

Ресми өкілдердің айтуынша, бұл жаңашылдық бизнеске теріс әсерін азайту үшін сауда саласының өкілдерімен бірлесе отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұл шешім Ұлыбританияда жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан темекіге қарсы саясаттың жалғасы болып табылады. Бұған дейін елде темекі жарнамасына қатаң шектеу қойылып, қарапайым қаптама енгізіліп, темекі сатып алудың жас шегі көтерілген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ұлыбритания темекіге қарсы қатаң шешім қабылдады