date

Трамп: «Стармер саясаты Британияны дағдарысқа жетелеуде»

Трамп: "Стармер саясаты Британияны дағдарысқа жетелеуде"

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жүргізіп отырған саясатты қатаң сынға алды. Бұл туралы Sky News хабарлады.

Мәлім етілгендей, Трамп Қытайға ұшар алдында Ақ үйде журналистермен сұхбаттасу кезінде британ үкіметі қабылдап жатқан шешімдер елді «тығырыққа» тіреуі мүмкін екенін атап өткен.

Оның пікірінше, Ұлыбритания Солтүстік теңіздегі ірі мұнай қорларына ие бола тұра, оларды толық пайдаланбай отыр. Трамп үкіметті энергетикалық саясатты қайта қарауға шақырып, мұнай өндіруді кеңейту қажеттігін айтты.

«Британия әлемдегі ең үлкен мұнай ресурстарының біріне ие. Бірақ олар бұл мүмкіндікті пайдаланудың орнына жел энергетикасына шамадан тыс көңіл бөліп, экономикасына зиян келтіруде», — деді ол.

Сонымен қатар, Трамп көші-қон мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Еуропа елдері сияқты Британия да заңсыз көші-қон ағынынан қатты зардап шегуде. Сол себепті ол үкіметке шекаралық бақылауды күшейтуді және көші-қон саясатын қатаңдатуды ұсынды.

Журналистердің премьер-министрдің ықтимал отставкасы туралы сұрағына жауап бере отырып, Трамп бұл шешім Стармердің жеке таңдауы екенін айтты. Дегенмен, ол британ басшысын энергетика саласындағы қате қадамдардың салдары ауыр болуы мүмкін екені туралы бұрыннан ескерткенін қосты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: «Стармер саясаты Британияны дағдарысқа жетелеуде»