«Жер күні» құрметіне ғарыштан түсірілген планета суреті жарияланды

«Роскосмос» Жер күні қарсаңында планетамыздың ғарыштан түсірілген бірегей суретін ұсынды. Бұл кескін «Электрон-Л» №5 гидрометеорологиялық спутнигі арқылы алынды.
Мамандар мұндай суреттердің Жердің жағдайын бақылауда, климаттың өзгеруін талдауда және экологиялық процестерді тереңірек зерттеуде маңызды екенін атап өтуде. Ғарыштан түсірілген бұл тамаша кадр адамзатқа планетамыздың қаншалықты бірегей және қорғауға мұқтаж екенін тағы бір рет еске салады.
«22 сәуір — Жер күні — экологиялық мәселелерге назар аудару және табиғатты қорғау жолында адамдарды біріктіруге қызмет ететін халықаралық мереке», — делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз