date

Dua Lipa суретіне байланысты Samsung-ты сотқа берді

Dua Lipa суретіне байланысты Samsung-ты сотқа берді

Танымал британдық поп-әнші Dua Lipa суретін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін Samsung Electronics компаниясын сотқа берді. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Әнші компаниядан кемінде 15 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді талап етуде. Сот құжаттарында Samsung теледидарлары қорабының алдыңғы жағына Dua Lipa-ның авторлық құқықпен қорғалған суреті орналастырылғаны атап өтілген. Бұл сатып алушыларда әншінің осы өнімді қолдайды деген ой қалыптастырып, компанияға коммерциялық пайда әкелген.

Теледидар қораптарында қолданылған сурет «Dua Lipa — Backstage at Austin City Limits, 2024» деген атпен белгілі. Аталған суретке қатысты барлық авторлық және меншік құқықтары жеке Dua Lipa-ға тиесілі екені жазылған. Талап арыз 8 мамырда Калифорнияның федералды сотына берілді.

Авторлық құқық пен сауда белгісін бұзумен қатар, Dua Lipa Samsung Electronics-ті жарнама құқығын да таптады деп айыптауда. Әншінің заңгерлері сот құжаттарына әлеуметтік желілердегі жазбалар мен пікірлердің скриншоттарын да тіркеген.

Мәлім етілгендей, бұл пікірлер әншінің теледидар қорабындағы суреті сатып алушыларды өнімді сатып алуға итермелегенін дәлелдеу мақсатында келтірілген. Скриншоттардың бірінде жанкүйер теледидарды «тек Dua бар болғаны үшін» сатып алатынын жазған.

Dua Lipa 2025 жылдың маусым айында Samsung тарапынан заң бұзушылыққа жол берілгені туралы хабардар болды. Содан кейін әнші компаниядан өз суретін пайдалануды дереу тоқтатуды талап етті.

«Алайда электроника алыбы бұл талапты бірнеше рет қабылдамады», — деп мәлімдеді әншінің адвокаттары.

Samsung Electronics баспасөз қызметі қазіргі уақытта сот процесіне қатысты түсініктеме бере алмайтынын білдірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Dua Lipa суретіне байланысты Samsung-ты сотқа берді