date

Иран басқаруындағы күрт бетбұрыс: билік кімнің қолында

Иран басқаруындағы күрт бетбұрыс: билік кімнің қолында

Иран саяси жүйесінде шұғыл өзгерістер орын алуда. «Reuters» агенттігінің хабарлауынша, елдің бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеи соғыстың алғашқы күнінде-ақ қаза тапқан соң, басқару жүйесі түбегейлі жаңарған.

Бұрын Иран Ислам Республикасы барлық өкілеттіктер шоғырланған жоғарғы көшбасшының айналасында қалыптасқан болатын. Алайда қазіргі жағдайда бұл жүйе өзгеріп, билік бір орталықта емес, керісінше тар шеңбердегі қуатты құрылымдарға бөлінген.

Дереккөздердің мәліметінше, Хаменеидің ұлы Мужтаба Хаменеи ресми түрде жоғарғы көшбасшы болып тағайындалған. Бірақ оның рөлі тәуелсіз шешім қабылдаудан гөрі, жоғары топтарда қабылданған шешімдерді бекітумен шектелуде.

Негізгі ықпал болса Ислам революциясы сақшылар корпусының қолына өткен. Әсіресе, әскери стратегия мен маңызды саяси шешімдерде дәл осы құрылым жетекшілік етіп отырғаны айтылуда.

Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі мен басқа да жабық топтар маңызды рөл атқаруда.

Қызықты жайт, Мужтаба Хаменеи соғыс басында жарақат алғандықтан, жұртшылық алдына мүлдем шықпай жүр. Ол негізінен жақындары арқылы немесе шектеулі байланыс құралдарымен қарым-қатынас жасайтыны атап өтілген.

Қорыта айтқанда, бүгінгі Иран басқаруында ресми көшбасшы болғанымен, нақты билік әскери-саяси құрылымдардың қолында шоғырланғаны айтылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Иран басқаруындағы күрт бетбұрыс: билік кімнің қолында