date

АҚШ төлқұжатында Трамптың портреті пайда болады

АҚШ төлқұжатында Трамптың портреті пайда болады

АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай елде жаңа дизайнмен төлқұжаттар шығару жоспарлануда. «Time» басылымының хабарлауынша, бұл арнайы серияда қазіргі президент Дональд Трамптың портреті бейнеленеді.

Жаңа дизайнға сәйкес, төлқұжат мұқабасының ішкі алдыңғы жағында Трамптың суреті мен оның алтын түстес қолтаңбасы орналасады. Ал артқы бетінде суретші Джон Трамбуллдың «Тәуелсіздік декларациясы» туындысынан үзінділер бейнеленеді.

Мәлім етілгендей, мұндай төлқұжаттар негізінен Вашингтондағы арнайы агенттік арқылы беріледі. Басқа өңірлерде немесе онлайн түрде ресімделген құжаттар әдеттегі қалпында қалады.

Сондай-ақ, мерейтойға орай 100 долларлық банкноттарда да президенттің қолтаңбасын бейнелеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Трамптың суреті түсірілген 24 караттық алтын монета шығару бастамасы да мақұлданды.

Әзірге жаңа төлқұжаттардың қанша данамен шығарылатыны белгісіз.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ төлқұжатында Трамптың портреті пайда болады