date

Жапаров: Казино туралы шешім экономикалық пайда әкелді

Жапаров: Казинолар туралы шешім экономикалық пайда әкелді

Садыр Жапаров Қырғызстанда казинолар қызметіне рұқсат беру туралы қабылданған шешім бүгінгі таңда өзін толық ақтағанын атап өтті. Бұл туралы «24.kg» басылымы хабарлады.

Мемлекет басшысы осыдан 4 жыл бұрын казиноларды заңдастыру бастамасы қоғамда кең талқылау мен пікірталастарға себеп болғанын еске салды. Соған қарамастан, Жогорку Кенеш тиісті заңды қабылдаған болатын.

Жапаров бүгінгі таңда бұл сала ел экономикасына оң әсерін тигізіп жатқанын, ең бастысы — жергілікті халықтың зардап шекпегенін қадап айтты. Оның сөзінше, казинолар негізінен шетелдік және ауқатты клиенттердің есебінен жұмыс істеп тұр.

Президент бұған дейін айтылған қауіптер — Қырғызстан азаматтарының казиноларға жаппай бара бастауы туралы болжамдардың орындалмағанын атап өтті. Керісінше, бұл жүйе жаңа жұмыс орындарын ашып, туризм саласын да дамытты.

Сондай-ақ, ол бұрын шетелде жұмыс істеген азаматтардың енді отанға оралып, осы салада еңбек етіп жатқанын оң жағдай ретінде тілге тиек етті.
Жапаровтың пікірінше, ең маңызды нәтиже — мемлекеттік бюджетке қосымша табыс түсуі және экономикалық тепе-теңдіктің сақталуы.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Жапаров: Казино туралы шешім экономикалық пайда әкелді