date

«Балаңызды сүйгенде, сол балалардың аналары туралы ойланыңыз» — Иранның үндеуі

«Балаңызды сүйгенде, сол балалардың аналары туралы ойланыңыз» — Иранның үндеуі
Фото: Yandex

Халықаралық аренада тағы бір әсерлі әрі даулы мәлімдеме жасалды. Иранның Армениядағы дипломатиялық өкілдігі АҚШ ресми тұлғасына жолдаған үндеуімен жұртшылық назарын аударды. Дипломатиялық миссияның хабарламасы X әлеуметтік желісінде жарияланды.

Әңгіме Кэролайн Ливитттің жақында қызды болғанына байланысты құттықтау туралы болып отыр. Ирандық дипломаттар оның аналық бақытына шынайы көзқарас білдіріп, барлық бала мейірім мен қорғауға лайық екенін атап өтті.

Алайда бұл құттықтаудың артынан қатаң әрі ойландырарлық үндеу де айтылды. Дипломатиялық өкілдік өз мәлімдемесінде АҚШ жасаған әуе шабуылдары салдарынан қаза тапқан балалардың тағдырын еске салды. Олар әсіресе Минаб ауданындағы мектепке жасалған шабуылды тілге тиек етіп, бұл оқиғада көптеген қыз баланың құрбан болғанын атап өтті.

«Өз балаңызды бауырыңызға басқанда, сол қаза тапқан балалардың аналары туралы да бір сәт ойланыңыз», — деп жазылған дипломатиялық миссияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мәлімдеме тек құттықтау ғана емес, саяси және адамгершілік мазмұндағы үндеу ретінде бағалануда. Онда балалар тағдыры, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі және әскери әрекеттердің салдары туралы маңызды ойлар қозғалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » «Балаңызды сүйгенде, сол балалардың аналары туралы ойланыңыз» — Иранның үндеуі