АҚШ Венесуэладан байытылған уранды алып шықты

АҚШ Венесуэлада сақталған стратегиялық маңызы бар материалды ел аумағынан алып шықты. Әңгіме ескі зерттеу реакторында орналасқан байытылған уран туралы болып отыр.
АҚШ Энергетика министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, жалпы көлемі 13,5 келі байытылған уран қауіпсіз түрде шығарылды. Бұл туралы The Guardian басылымы да хабарлады.
Мәлім етілгендей, бұл операция АҚШ, Ұлыбритания және Венесуэланың ынтымақтастығымен жүзеге асырылды. Ресми тұлғалар бұл әрекетті қатысушы мемлекеттер үшін ғана емес, бүкіл әлем қауіпсіздігі үшін маңызды қадам деп бағалайды.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, уранды тасымалдау процесі «күрделі және жоғары деңгейдегі қорғанысты талап ететін операция» болды. Материал Оңтүстік Америкадан Солтүстік Америкаға дейін құрлық және теңіз арқылы кезең-кезеңімен, қатаң қауіпсіздік шаралары негізінде жеткізілді.
Бұл материал Каракас қаласынан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан нысаннан шығарылды. Кейіннен ол АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы арнайы кешенге орналастырылды.
Ресми мәлімдемеде операцияның жүзеге асырылуында Дональд Трамптың қатаң саяси ерік-жігері мен көшбасшылығы маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!