date

Қазақстан аспанынан жұмбақ «ұшатын тәрелке» байқалды

Қазақстан аспанынан жұмбақ «ұшатын тәрелке» байқалды

Қазақстанның Қостанай облысындағы Рудный қаласының аспанында ерекше әрі жұмбақ құбылыс тіркелді. Жергілікті тұрғын кешкі аспанда пайда болған беймәлім ұшатын нысандарды суретке және видеого түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.

Оның айтуынша, бұл оқиға 10 мамыр күні кешке болған. Ер адам Halyqstan Telegram-арнасының тілшілеріне мұндай жағдайларға алдын ала дайын болғанын айтты. Оның пікірінше, жыл сайын дәл осы уақыттарда Рудный аспанында осындай көріністер байқалады.

Куәгердің сипаттауы бойынша, аспанда екі жарқыраған нысан пайда болған. Олардың бірі екіншісінен төменірек орналасып, қозғалмай тұрған. Жоғарыдағы нысан жарқыраған күмбезге ұқсап, «тәрелке» пішінін еске салған. Төмендегі нысан пирамидаға ұқсағанымен, қараңғылық салдарынан оның нақты пішінін көру қиын болған.

Айтылуынша, бұл жұмбақ нысандар қала үстінде шамамен 20 минуттай уақыт бойы қозғалмай тұрған. Кейін кенеттен жарқ етіп, көзден ғайып болған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қазақстан аспанынан жұмбақ «ұшатын тәрелке» байқалды