Иран АҚШ пайдаланып жатқан әуе базасына соққы бергенін мәлімдеді

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың Бендер-Аббас ауданындағы әскери әрекеттеріне жауап ретінде америкалықтар пайдаланатын әуе базасына соққы берілгенін мәлімдеді. Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасының хабарлауынша, бұған дейін АҚШ әскерилері Бендер-Аббас әуежайы маңындағы нысанға әуеден шабуыл жасаған.
Tasnim агенттігінің мәліметінше, ирандық тараптың жауап соққылары жергілікті уақыт бойынша сағат 04:50 шамасында жасалған. Алайда нысанаға алынған әуе базасының нақты орналасқан жері әзірге жарияланбады.
АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің төрт ирандық камикадзе-дронды атып түсіргенін және Бендер-Аббастағы дрондарды басқару станциясына соққы бергенін растады. Қолбасшылық бұл әрекеттер «тек қорғаныс мақсатында» және атысты тоқтату режимін сақтау үшін жасалғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, АҚШ бұқаралық ақпарат құралдары Кувейттегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері зымыран және дрон шабуылдарын тойтарғанын хабарлауда. Әзірге тараптар ықтимал шығындар мен материалдық залал туралы нақты ақпарат берген жоқ.












Пікірлер 0
…