date

Ethereum Foundation тағы екі жетекші зерттеушісінен айырылды

Ethereum Foundation тағы екі жетекші зерттеушісінен айырылды

Ethereum Foundation ұйымынан тағы екі жоғары дәрежелі зерттеуші кетті. Джулиан Ма мен Карл Биктің қызметтен кетуімен соңғы айларда ұйымды тастап кеткен беделді мамандардың саны кемінде сегізге жетті. Джулиан Ма төрт жыл, ал Карл Бик жеті жыл бойы Ethereum экожүйесін дамытуға өз үлестерін қосқан еді. Бұл туралы Cointelegraph.com хабарлайды .

Джулиан Ма Ethereum желісінің цензураға төзімділігі мен қабаттараралық көпір алгоритмдері бойынша жұмыс істесе, Карл Бик Beacon Chain жобасының бастапқы дизайны мен блокчейнде proof-of-stake механизмін енгізуде маңызды рөл атқарды. Ма өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өнім және өсу стратегиясына назар аудару үшін кетіп жатқанын мәлімдеді.

Өткен жылы Ethereum негізін қалаушы Виталик Бутерин ұйымда басқару өзгерістері мен жаңа бағыттар белгіленгенін жариялаған болатын. Бұл қадам пайдаланушылардың блокчейн даму жол картасы бойынша сынына жауап ретінде жасалған, мақсаты — желі жылдамдығын арттыру үшін жаңа кадрларды тарту. Алайда, биылғы мамыр айында бес жетекші бағдарламашы мен зерттеушінің кетуі ұйымдағы кадрлық ауысу процесінің жалғасып жатқанын көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы айдың басында Protocol Cluster командасының жетекшілері Барнабе Монно мен Тим Бейко да ұйымнан кететіндерін жариялаған, ал Алекс Стоукс демалысқа шыққан еді. Сәуір айында жоба менеджері Джош Старк пен үлес қосушы Трент Ван Эппс, ал ақпан айында атқарушы директордың орынбасары Томаш Станчак өз қызметтерінен кеткендерін мәлімдеген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Ethereum Foundation тағы екі жетекші зерттеушісінен айырылды