Болливуд сахнасында актерлік дарын ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Танымал режиссерлер мен актерлердің қыздары бүгінде үнді киносының жаңа жұлдыздарына айналды. Олардың әрқайсысы сахнада өз жолын тапқанымен, артында үлкен отбасылық өнер мұрасы, шабыт пен тәжірибе тұр.
Төменде Болливудта әкесі сияқты танымал болған бес актриса және олардың өнер жолындағы рөлі туралы қысқаша таныстырамыз.
1.Сонам Капур & Анил Капур
Сонам Капур - үнді киносындағы стиль иконасы және романтикалық рөлдерімен танымал.
Ол Неержа, Раанджханаа, Хообсурат сияқты фильмдер арқылы танымал болды.
Әкесі Анил Капур - Болливудтың көп жылдық тәжірибесі бар жұлдызды актері.
2.Алия Бхатт & Махеш Бхатт
Алия Бхатт - заманауи Болливудтың ең танымал жас актрисаларының бірі.
Ол Raazi, Highway, Gangubai Kathiawadi, Brahmāstra сияқты фильмдерде ойнады.
Әкесі Махеш Бхаттта - Sadak, Aashiqui фильмдерін түсірген танымал режиссер және продюсер.
3. Шраддха Капур және Шакти Капур
Шраддха Капур актерлік және би өнеріндегі талантымен танымал актриса.
Ол Aashiqui 2, Stree, ABCD 2 сияқты фильмдерде басты рөлді сомдады.
Әкесі Шакти Капур 1980-1990 жылдары комедиялық және жағымсыз рөлдермен танымал болған актер.
4. Сара Али Хан және Сайф Али Хан
Сара Али Хан - жаңа буын актрисасы, ол аз уақыт ішінде жанкүйерлердің назарын аударды.
Ол Kedarnath, Simmba, Atrangi Re фильмдері арқылы танымал болды.
Әкесі Саиф Али Хан - Навабтар әулетінен шыққан, көптеген ірі фильмдерде ойнаған актер.
5. Эша Деол және Дхармендра
Эша Деол - Dhoom, Yuva, Kaal фильмдеріне түскен бұрынғы биші және актриса.
Ол өнерге деген қызығушылығын анасы Хема Малини мен әкесі Дхармендрадан мирас етті.
Ал әкесі Дхармендра үнді киносының аңыз актерлерінің бірі саналады.