
41 жастағы итальяндық модель Бьянка Балти жақында Substack арқылы өзінің әсерлі өмір тарихын бөлісті. Оның айтуынша, ол 2024 жылдың октябрь айында аналық без қатерлі ісігіне қарсы емделуді бастаған және сол кезеңде Victoria's Secret көрмесіне қатысу үшін компанияға жүгінген.
Балтидің айтуынша, ол 6 қазанда компанияға хат жазып, 15 қазанда өтетін танымал шоуға қатысуға рұқсат сұрады.
"Қайдан күш алғанымды білмеймін, бірақ мен бұл істі істедім. Өмірде өкінуге тұрарлық жалғыз нәрсе - жіберіп алған мүмкіндіктер. Сондықтан мен өзіме: "Мен нені жоғалтып жатырмын?" - деп сұрақ қойдым және шешім қабылдадым. LinkedIn арқылы компания қызметкерлерінің электронды поштасын іздеп тауып, хатты бәріне жібердім," - деп жазады модель.
Балти сөзін былай деп жалғастырды:
"Мен ең жас немесе ең әдемі әйел емеспін. Бірақ мен күштімін, батылмын және өмірге толымын. Менің тыртықтарым - менің мақтанышым, қайта өскен шашым - менің жеңісім. Егер мен осы мінберге шықсам, бұл менің жеке жеңісім ғана емес, миллиондаған әйелдерге арналған хабарлама болады: "Өмір сынақтарға қарамастан жалғасады. Сен әлі де сұлусың, сен толықсың. Сені ешкім тоқтата алмайды."
Компания бұл үндеуге әлі ресми түсініктеме бермеген болса да, әлеуметтік желілерде Бьянканың батылдығы мен шынайы сөздері үлкен қолдауға ие болды.
