date

Роналду карьерасын аяқтағаннан кейін 30 миллион еуро тұратын сарай үйге көшуді жоспарлап отыр

Роналду карьерасын аяқтағаннан кейін 30 миллион еуро тұратын сарай үйге көшуді жоспарлап отыр

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду футболшылық мансабын аяқтағаннан кейін отанында орналасқан 30 миллион фунт стерлинг тұратын зәулім сарайға көшуі күтілуде. Бұл туралы "Daily Express" басылымы хабарлады.

Лиссабоннан 48 км қашықтықтағы жағалаудағы курортта құрылысы аяқталған бұл алып үй Португалиядағы ең үлкен және ең қымбат үйлердің бірі ретінде танылады. Сегіз жатын бөлмелі сарай үш жыл бойы салынып, Роналду мансабын аяқтағаннан кейін дәл осы мекенге көшеді деп болжанып отыр.

Сарайдың ең көрнекті жерлерінің бірі - жерасты автотұрағы. Онда Роналдудың 13,8 миллион еуроға бағаланған автокөлік коллекциясына арнайы орын бөлінгені айтылады. Яғни, бұл үй тек тұруға ғана емес, футболшының қымбат автопаркіне де толық бейімделген.

Жоба ішіндегі жайлылық пен сәнді бөлшектер де үлкен қызығушылық тудырады: сарайда үлкен шыны бассейн, тіпті су асты дәлізі бар - қонақтар жоғарыда жүзіп жүргендерді көре алады. Сонымен қатар, ақылды жылыту жүйесі, спортзал, жабық және ашық бассейндер, массаж бөлмесі, кинотеатр бар.

Сонымен қатар, үйдің безендірілуінде де сән-салтанат "шекара" білмейді: таза алтыннан жасалған крандар, итальян мәрмәрлері, жұптар үшін арнайы жасалған Louis Vuitton қабырға суреті де бар екені айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, Роналду сарай маңында гольф алаңын сатып алуға да тырысқан, бірақ оның ұсынысы қабылданбаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Роналду карьерасын аяқтағаннан кейін 30 миллион еуро тұратын сарай үйге көшуді жоспарлап отыр