Иран жасанды интеллект пен мемдер арқылы АҚШ-қа қарсы ақпараттық соғыста алға шықты (видео)

Иран жасанды интеллект және мемдер арқылы АҚШ-тан ақпараттық соғыста басым түсуде. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.
The Guardian басылымының талдау мақаласына сүйенсек, Тегеран заманауи цифрлық технологияларды, атап айтқанда, жасанды интеллект (ЖИ) мен интернет-мемдерді пайдалана отырып, Вашингтонға қарсы жүргізіліп жатқан жаһандық ақпараттық соғыста айтарлықтай табыстарға қол жеткізуде.
Иран үкіметі мен оған қарасты құрылымдар дәстүрлі, жалықтыратын насихат әдістерінен бас тартып, цифрлық ортаның ең заманауи және ықпалды құралдарына көшті. АҚШ-пен арадағы ақпараттық текетіресте Тегеран енді өзінің геосаяси мақсаттарын ілгерілету үшін бұқаралық мәдениет элементтерін шебер қолданып жүр. Бұл стратегия арқылы Иран тек Таяу Шығыс аймағында ғана емес, сонымен қатар АҚШ пен Батыс елдерінің ішкі ақпараттық кеңістігіне де терең бойлап енуде.
Иран зымырандары бейнеленген видео да Lego мультфильмі стилінде ұсынылды.