date

Ибрагим Татлысес мұрасын балаларына емес, мемлекетке қалдырады

Ибрагим Татлысес мұрасын балаларына емес, мемлекетке қалдырады

Түркияның танымал әншісі Иброһим Татлысэс бүкіл мүлкін балаларына емес, мемлекет меншігіне өсиет ететінін мәлімдеді. Ол бұл туралы 22 сәуір күні ауруханадан шығу кезінде «Cumhuriyet» басылымына берген сұхбатында айтып өтті.

— Балаларыма бір тиын да жоқ, мұрамның барлығын мемлекетке қалдырамын. Олардың кейбіреуінің кесірінен отбасымның бір бөлігі зардап шекті. Әкем маған ешқандай ақша қалдырған жоқ, ол қарапайым аспаз болатын. Байлықты өз еңбегіммен таптым, қаласам жұмсаймын. Мен оларға үлкен мұра қалдырдым, бірақ оны түсінбеді. Иброһим Татлысэс есімімен барлық есіктер ашылады, бірақ олар мұны пайдалана білмеді, — дейді өнерпаз.

Татлысэстің байлығы қанша?

Мәліметтерге сәйкес, Иброһим Татлысэстің жалпы байлығы шамамен 150 миллионнан 850 миллион АҚШ долларына дейін бағаланады. Оның Түркияның Бодрум және Измир қалаларында қонақ үйлері, виллалары, пәтерлері, кәуапханалары, телеарналары, сондай-ақ автокөлік паркі бар екені айтылуда.

Өзін әлдеқайда жақсы сезініп жатқанын атап өткен әнші кейбір балалары әкенің қадіріне жетпегені себепті олардан бас тартқанын да жасырмады.

— Достарым мені жалғыз қалдырмады, Измир мен Анкарадан келіп жағдайымды білді — барлығына рақмет. Дос осындай күнде білінеді. Алла балаларымнан разы болсын, бірақ бәрінен емес. Туғча қызымнан Алла разы болсын. Бірақ «А» әрпін әліпбиден өшіріп тастадым, — дейді ол Ахмет есімді ұлына ишара жасап.

Өнерпаздың айтуынша, кейбір балалары тіпті оның ауыр жағдайында да қасында болмаған.

— Егер менің әкем осындай күйде болса, оны ешқашан жалғыз қалдырмас едім, тіпті жанымды берер едім. Әкелердің қадірін қашан түсінер екен — білмеймін, — дейді ол.

Шанлыурфада аурухана ашу ниеті бар

Сондай-ақ Иброһим Татлысэс емделу барысында көмектескен дәрігерлерге алғыс білдіріп, туған қаласы Шанлыурфада аурухана ашу туралы ұсыныс тастады.

— Шанлыурфада 4,5 сотық жерім бар. Ол жерде жекеменшік аурухана жоқ, адамдар Газиантепке баруға мәжбүр. Келіңіздер, сол аумақты қарап шығайық, мүмкіндік болса, осы жерде де аурухана ұйымдастырайық, — дейді әнші.

Денсаулығы туралы

Мәлімет ретінде айта кетсек, Иброһим Татлысэсте өт қабына байланысты бактериялық ауру — холецистит анықталып, антибиотиктермен емдеу басталған болатын. Кейіннен ол 11 сәуір күні хирургиялық ота жасатты. Операция сәтті өткен соң, дәрігерлер оны тағы біршама уақыт реанимацияда бақылауда ұстайтындарын, содан кейін үйіне жіберетіндерін мәлімдеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Мәдениет » Ибрагим Татлысес мұрасын балаларына емес, мемлекетке қалдырады